Біз үйренетін ғана емес, үйрететін ұлт болуымыз керек

1646

Тұтынатын емес, өндіретін мемлекет болуымыз қажет.

Біз үйренетін ғана емес, үйрететін ұлт болуымыз керек Фото: aqorda.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. "Қазақстанда жасалған" деген таңба ең мықты сапаның, ең жақсы өнімнің белгісіне айналуға тиіс. "Алтын сапа" байқауының басты мақсаты – осы. Сонымен бірге, бизнес өкілдері халық алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі керек. Адал азамат өз жағдайын ғана жасамайды. Ол туған ауылының немесе өзі жұмыс істеп жатқан аймақтың қамын да ойлайды. Мұндай кәсіпкерлер көпшіліктің қолдауына және алғысына ие болады. Шын мәнінде, туған елдің ықыласынан артық марапат жоқ. "Парыз" байқауына қатысушылар биыл түрлі әлеуметтік жобаға белсене атсалысты. Қайырымдылыққа 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсады. 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты. Табысын елімен бөліскен осындай азаматтар жоғары құрметке лайық. Мен "Алтын сапа" және "Парыз" байқауына қатысқан кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін!" – деді Президент.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы "Парыз" сыйлығы мен "Алтын сапа" конкурсының лауреаттары:

"ПАРЫЗ":

  • Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасындағы Гран-при – Қызылорда облысының "Абай Дәулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы Гран-при – Абай облысының "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

"АЛТЫН САПА":

  • "Үздік индустриялық жоба" номинациясы бойынша Қостанай облысының "ДЕП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  • "Үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша Маңғыстау облысының "CleanfieldKazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу