"Біздерді достықтың, ынтымақтастықтың дәстүрлі қатынастары байланыстырып отыр"

1928

Қазақстан Президенті Ақордада Беларусь Президентін қабылдады. 

"Біздерді достықтың, ынтымақтастықтың дәстүрлі қатынастары байланыстырып отыр"

"Беларусь делегациясының Қазақстанға келгеніне қуаныштымыз. Біздерді достықтың, ынтымақтастықтың дәстүрлі қатынастары байланыстырып отыр. Біздің халықтар бір-бірін жақын тартып тұрады. Беларусь Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселесін талқылау үшін жақсы мүмкіндік", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконы қабылдау кезінде сөйлеген сөзінде. 

Президент жабық есік жағдайында өткен шағын құрамдағы келіссөзде екі ел арасындағы маңызды мәселелер талқыланғанына тоқталды. 

"Ең жақын мемлекеттердің өзара қарым-қатынасында талқылауды, нақтылауды және оны шешуді қажет ететін кейбір мәселелер туындайды. Менің ойымша, басталған келіссөздер нәтижесінде өте маңызды келісімдерге қол жеткіземіз және олардың барлығы жақын арада жүзеге асырылады", – деді Қазақстан басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Беларусь сауда көлемін арттыруға мүдделі екенін алға тартып, екі ел гуманитарлық саладағы байланыстарының  буынын бекітуге күш жұмсайтынын баяндады. 

"Бүгін қол қойылатын келісімдер мен бірлескен мәлімдемелер мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін жасалған аса маңызды қадам болып саналады", – деді Қазақстан Президенті.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу