Хасанбой Дусматов: Бізді Қазақстандағыдай ұлықтамайды

2956

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов Өзбекстан мен Қазақстандағы спортшыларға берілетін сыйлықтардың айырмашылығын атады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Хасанбой Дусматов: Бізді Қазақстандағыдай ұлықтамайды Фото: repost.uz

"Өзбекстанның Олимпиада жүлдегерлері, тіпті екі дүркін чемпиондары да тек мемлекеттен сыйлық алады. Жеке тұлғалар жеңімпаздарға Қазақстандағыдай сыйлықтар сыйламайды", – деді ол.

Дегенмен, Хасанбой Дусматов мемлекеттің сыйлықтарына өте риза екенін атап өтті.

Ол Олимпиададағы жеңісі үшін автокөлік, жайлы коттедж бен 200 мың доллар көлемінде қомақты ақшалай сыйлық алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу