Көптеген мемлекет экономикалық өсімді ынталандыруға қыруар қаржы бөліп жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазір көптеген мемлекет экономикалық өсімді ынталандыруға қыруар қаржы бөліп жатыр. Мен өзіңізге де, Серік Мақашұлы, тиісті ақпаратты жібердім. Германия және басқа да елдер осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бізге де осы бағытта жұмысты істеу қажет. Бізге қарқынды экономикалық өсім керек. Әрине, сапасы да болуы тиіс және қарқыны да маңызды. Жұмысты жалғастыра беріңіздер", – дейді Олжас Бектенов.
Айта кету керек, бұған дейін Үкіметте жаңа министр ант бергенін жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу