Бизнес сапалы кеңселерге таңдау жасай бастады

23788

Кеңсе алаңдарының көбеюі бизнес-орталықтардың толымдылығын баяулатып, жалға берушілерді бизнеске жеңілдік жасауға мәжбүр етеді.

Бизнес сапалы кеңселерге таңдау жасай бастады

Кеңселерді жалға алушы-компаниялар бұл мүмкіндікті өз пайдасына пайдаланып, сапалы орынжайларға көшуде. Алайда ұсыныстардың көбеюінен аталмыш сегмент ойсырап қалмайды, өйткені сұраныс заңды тұлғалар санының артуы, яғни ықтимал клиенттердің есебінен туындайды. 2017 жылдың III тоқсан қорытындысы бойынша Астана мен Алматы қалаларындағы кеңсе жылжымайтын мүлік нарығына Colliers International халықаралық консалтингтік компаниясының әзірлеген сараптамалық шолу автоларының қорытындысы осындай болып отыр. Аbctv.kz осы зерттеулерден үзінді келтіреді.

Астана: кеңсе қорының шаршы метрлері 14%-ға артады

Бүгінгі күні елордадағы кеңселік жылжымайтын мүлік қоры 756 мың шаршы метр деп бағаланып отыр. А класты кеңселер –191 мың шаршы метр, В класты кеңселер –565 шаршы метрден келеді. Оларды толтыру осы жылдың III тоқсанында 79% және 88% болды.

Астанадағы бизнес-орталықтардың толымдылық динамикасы

Жалға алушыларды ұстап тұру және кеңсе орын-жайларын толтыру деңгейін арттыру үшін жалға берушілердің көбісі мөлшерлемені теңгемен алуға, пайдалану шығындары мен ҚҚС-ны жалға беру құнына қосып, жеңілдік кезеңін арттырып, әрлеу жұмыстарын өздері жасап, тегін тұрақ ұсынуға дейін баруда. Жалға берушілер тарапынан жасалып жатқан мұндай жеңілдіктер тұрақты қаржылық көрсеткіші бар компанияларға сапасы жақсы кеңселерге көшіп алуға мүмкіндік береді.

Алдағы жылы жалға алушылардың таңдауы одан сайын арта түседі. Colliers International мәліметі бойынша, 2018 жылы жаңа нысандарды пайдалануға беру Астанадағы кеңселер алаңын 14,2%-ға арттырады. Қазір қалада жалпы ауданы 177500 шаршы метр болатын (құрылысы тоқтап тұрған нысандарды есепке алмағанда) төрт кеңсе ғимараты салынып жатыр. Бұған қосымша ЕХРО 2017 көрмесінің ғимараты "Астана" халықаралық қаржы орталығын орналастыру үшін қайта құрылымдалатын болады.

Сарапшылардың болжамынша, елордадағы кеңселердің шаршы метрі едәуір артқанына қарамастан, қазіргі орын алып отырған жағдай нарықта әлі екі-үш жыл сақталады. Кеңсе алаңдарына деген сұраныс заңды тұлғалардың өсуінен, яғни ықтимал клиенттердің есебінен қамтамасыз етілетін болады.

"Бәсекегеқабілетті жалға беру мөлшерлемесі және жалға беру шарты бар сапасы жақсы кеңсе жобалары ықтимал жалға алушылар тарапынан сұранысқа ие болады да, ескі кеңсе ғимараттарына деген сұраныс азаяды", – деп болжап отыр Colliers International шолуының авторлары.

Жалға алу мөлшерлемесі жайлы айтар болсақ, онда 2017 жылдың III тоқсанында елордада А класты кеңсе жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрінің ең жоғары бағасы айына 16500 теңге, ал ең азы айына 7000 теңге болған, бұның ішінде ҚҚС мен пайдалану шығындары жоқ. Ал В класты кеңсе орын-жайларды жалға берудің бір шаршы метрінің бағасы айына 11000 теңгемен 23000 теңге арасында болған.

Алматы: Алматыда коворкинг бонусқа беріледі

Алматының кеңселік жылжымайтын мүлік нарығында да осыған ұқсас тенденциялар байқалады. Кеңсе алаңдарының толымдылық динамикасы бос шаршы метрлердің артуы есебінен төмендеуде. Осы жылдың соңына дейін Алматыда шамамен 101000 шаршы метр кеңсе орын-жайы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, ал бұл нарықтағы ұсынысты 8%-ға арттырады. Осы арада бүгінгі күні қаладағы кеңсе алаңдарының жалпы көлемі 1,3 млн шаршы метрге жақындағанын айтып кеткен дұрыс шығар. А класты орын-жайлар 150 мың шаршы метр, ал В класты кеңсе алаңдары 1 млн 150 мың шаршы метр.

2017 жылдың III тоқсанында кеңселердегі бос орындарды толтыру деңгейі 83% және 71% болған. Осылайша, нарық сапалы кеңселермен толығуда, ал деңгейі төмендеу бизнес-орталықтар бос орындар деңгейінің өсуінен зиян шегуде.

Алматыдағы бизнес-орталықтардың толымдылық динамикасы

"Ықтимал жалға алушылардың жаңа сапалы нысандарға деген қызығушылығы артып келеді, алайда нақты келісімдер тек жалға беруші бәсекелес нысандардағы сапасы бойынша осыған ұқсас ұсыныстармен салыстырғанда тиімді жалға алу шартын ұсынғанда ғана жасалады. 2017-2018 жылдары пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған жаңа ғана тұрғызылған кеңсе нысандарында бос орындардың болуын, сондай-ақ салынып жатқан бизнес-орталықтарындағы кеңсе алаңдарын есепке ала отырып, біз қысқа-және ұзақмерзімді кезеңде Алматы қаласында кеңсе жылжымайтын мүлік нарығында жоғары бәсекелестік ортаны сақтауды ұсынамыз", – деп болжайды сарапшылар.

Алматы қаласының нарығына қатысушылар "коворкинг" форматындағы кеңсе орындарын құруға қызығушылық танытып отыр. Тап қазіргі уақытта қалада L.E.S. Live Club, "Кең Дала", THE HUB Coworking, ARTХАУС, "Мама Дом" іскери орталық, "Шебер", Regus сияқты жеті коворкинг-орталық бар. Бизнес-орталықтардағы "коворкинг" форматындағы кеңсе алаңдары жалға алушылардың тартымдылығын арттырады.

"Жалға алушылар өз алаңдарын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін қарастырады, себебі коворкингтің болуы негізінен қажет болған жағдайда коворкинг аумағында қысқа мерзімге жалға алуға болатын келіссөздер мен конференц-залдарды орналастыруға бөлінетін қосымша орын-жайларды жалға беруді үнемдеуге мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті зерттеу авторлары.

Осы жылдың III тоқсанындағы жағдай бойынша Алматыдағы А класты кеңсе орын-жайларының нарығындағы жалға беру мөлшерлемесіның ауқымы бір шаршы метр үшін айына 15000-5600 теңге деңгейінде (ҚҚС пен пайдалану шығындарын есептемегенде) болған. Деңгейі бұдан төмен бизнес-орталықтарының бір шаршы метрі айына 10000 теңгеден 3000 теңге дейінгі аралықта жалға берілген.

Айта кету керек, А класты Esentai, Park View бизнес-орталықтарында және В класты Prime Park, Esentai Apartments, "Ренко", "Арай" және "Алси" бизнес-орталықтарында жалға беру бағасын доллардың айырбас бағамына қарай ұсынылып келген.

Гүлназ Ермағанбетова, Динара Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу