Бизнес-жоспар құруға кім көмектеседі?

2635

Елордада "Хан Шатыр" сауда үйінде енді-енді кәсіп бастап жатқандардың жәрмеңкесі болды. Олар халыққа өздері қолдан жасаған бұйымдарын саудалады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бизнес-жоспар құруға кім көмектеседі?

"Табиғи зығыр майын 20-25 күн сақтау керек"

"Мен гидровликалық май престеу аппаратымен зығырды суық күйі сығып, тамшылату арқылы майын аламын. Аппаратта майға ешқандай металл мен температураның әсері болмайды. Демек таза күйін сақтайды", – дейді Виктория Караманова. 

Оның айтуынша, табиғи дүние металл тисе тез қышқылданып кетуі мүмкін. Табиғи майды 20-25 күн ішінде тұтыну керек екен. Одан ары сақтауға болмайды. Себебі құрамында ұзақ сақтау мүмкіндік беретін қоспа жоқ. 

"Бұл – нағыз емделушілерге пайдалы нәрсе. Мысалы, "омега 3" дәрумені ешбір дәнді дақылда дәл зығыр майындағыдай болмайды. Бұл асқазан-ішек жолы жұмысын жақсартады. Асқазан жарасы мен гастритке ем. Сөл бөлуді жақсартады, яғни ағза улы заттардан тазарады. Қан қысымы қалыпқа келеді", – деді ол. 

Майды таңертең бір қасық, кешке бір қасық ішу керек. Одан бөлек салат пен түрлі тағамға қосуға болады. Караманова "Бастау Бизнес" курсын өткен соң бизнес-жоспар құрып, грант ұтып алған. Қолына 500 мың теңгеден астам қаражат тиген. Оған жоғарыда аталған аппаратты сатып алған. Бүгінде зығыр майын әлеуметтік желілер арқылы саудалап, пайда тауып отыр.

"Сатып үйрену керек"

"Бастау Бизнес" жобасына кез келген санаттағы адам келіп, тыңдаушы бола алады. Білімі қай деңгейде болса да, тіпті нөлден бастаса да бәрін меңгереді. Олар тіркеуден өткеннен кейін біз, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері жол нұсқап отырамыз. Тыңдаушылар видеоролик жасау, мәтін жазу ғана емес, бизнес-жоспар құруды үйренеді. Біз оны қалай толтыру керек, қаржыны қалай есептеу керек және ертең шығарған тауарды қалай жарнамалау керек – міне, осылар бойынша кеңес береміз. Менің ойымша, адам нарыққа шығу үшін затты сатып үйренуге тиіс. Ал оны сата алмасаң, қолдан тіккен киімің мен пісірген тағамың өтпей қалады ғой. Сондықтан өз сатыңды сатып алатын клиенттерді табу, затты әдемілеп қаптаудың жолдарын көрсетеміз. Әуелі тегін жарнама желілері арқылы хабарлатамыз, кейін өзі таргет арқылы шыға алады", – деді бизнес-тренер Жұмагүл Мақашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу