Бизнесмен Тоқтар Төлешов мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық жасады деп айыпталуда

Лилия Ахметова Лилия Ахметова
8117

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бизнесмен Тоқтар Төлешов конститутциялық құрылысты өзгертуге дайындық жасаған деп хабарлайды. Оған құқық қорғау органдарындағы жоғары лауазымды тұлғалар көмектескен,  оның ішінде бас прокурордың бұрынғы бірінші орынбасары да бар. 

Бизнесмен Тоқтар Төлешов мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық жасады деп айыпталуда

"Тергеу органдарында  Төлешов бұдан ертерек дайындық жұмыстарын жүргізгендігі, ал өткен жылдан бастап үкіметті басып алуға дайындық жасағандығы туралы толық мәліметтер бар. Оның әрекет ету жоспары шиеленістіру ошағын құру арқылы, наразылық акцияларын ұйымдастыру елдегі жағдайды тұрақсыздандырып, баламалы үкіметті құру және әрекет етуші үкімет құрылымын өзгерту болған",- деп ҰҚК баспасөз-қызметінің өкілі Руслан Қарасев  брифингте мәлім етті. 

Оның айтуы бойынша, ҰҚҚ-мен  Атырау, Астана, Алматы, Орал, Қызылорда қалаларында өткен  "жер реформасы" деп аталған наразылық көрсету акциялары өткен жылдың желтоқсан айында Төлешовпен қаржыландырылғаны туралы дәлелдер алынған. Осылайша, "наразылық акциялары бұдан ертерек жасалуы керектігі анық белгілі болды", алайда, "Төлешовтың ұсталуына байланысты, қазіргі уақытта қамауға алынған, акция ұйымдастырушылары акцияның өту мерзімін өздері белгілеп қойған". Сонымен бірге, ҰҚК өкілі тергеу органдарымен Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі наразылық акцияларын қаржыландыру бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
"Төлешов өз жоспарын іске асыруда құқық қорғау органдарының бұрынғы және әрекет етуші  жоғары лауазымды тұлғаларынан, сонымен қатар еліміздің Қарулы күштерінің жекелеген бөлімшелері командованиясынан өзіне мақсатты түрде  жақтастар іздестірген. Өткен демалыста қауіпсіздік қызмет комитеті қызметкерлерімен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Төлешовтың бірқатар сыбайластары ұсталды. Оның ішінде бас прокурордың бұрынғы бірінші орынбасары, конститутциялық кеңестің бұрынғы мүшесі, екінші санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ілияс Бахтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Кибраткулы Доскалиев,  Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары, полиция полковнигі Сакен Айтбеков,  Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік өңірлік командованиясының 35748 және 55652 әскери бөлімшелерінің командирлері Бекзат Жумин мен Қайрат Берлібаев  бар. Аталған тұлғалар ұсталып, уақытша тергеу изоляторларына қамауға алынды",- деп хабарлады Карасаев.

Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарымен жасырын қоймалардан Төлешов өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін қолдануды жоспарлаған қару- жарақтың көптеген саны, жарылғыш заттар мен оқ-дәрі алынған.

Бизнесмен Тоқтар Төлешов "Шымкентсыра" ЖШС- нің иесі, Шымкент қаласында 30 қаңтар күні ұсталған болатын. ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның үйіне және жұмыс орнына тінту жүргізу барысында қару-жарақ, наркотиктер және әлдебір әдебиеттер табылған. 

Бұрын Тоқтар Төлешов террористік қауіп сараптама орталығын басқарған. Ол, сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігі жоғары атаманының кеңесшісі . 

Еске сала кетсек, наурыз айының соңында сол кездегі ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев шетелдіктерге ауыл шаруашылыққа тағайындалған жерлерді жалға беру мерзімі 10 жылдан  25 жылға созылғандығы туралы хабарлаған болатын.  24 сәуір күні Атырау, Ақтөбе, Семей, Алматы және Орал қалаларында жер кодексіне енгізілген өзгертулерге қарсы наразылық акциялары өтті.  

5 мамыр күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда үлкен пікір тудырған жер кодексінің біршама нормаларына мораторий жариялады және жер реформасы бойынша комиссия құруға тапсырма берді.

12 мамырда Жер комиссиясы құрылып, оның құрамына парламенттің екі палатасының да депутаттары, үкімет мүшелері, мемлекеттік орган,саяси партиялар, агробизнес өкілдері және ғалымдар мен азаматтық белсенділер кірді. Барлығы тізімде 75 адам. Комиссияны ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Сағынтаев Бақытжан басқарады. 14 мамыр күні комиссияның бірінші отырысы болды. Алайда, осы уақытқа дейін жер реформасының ,ең негізгі мәселесі, жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша бәтуаға қол жеткізілген жоқ.

Лилия Ахметова, Астана

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу