Бизнесті жүргізу жеңілдей түседі

1955

Енді кәсіпкерлер телефон арқылы түрлі бизнес-қызметтерді пайдалана алады. Бұл туралы онлайн форматта өтіп жатқан "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде басқарма төрағасының орынбасары Темір Шыңғыс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бизнесті жүргізу жеңілдей түседі

"Бизнеске арналған үкімет" порталынан басқа ҰКП заң аясында басқа да қызметтерді көрсететін болады (бизнесті қорғау, заң жобаларын талқылау және тағы басқа).

"Біз бизнес-қоғамдастық, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында танымал жеке цифрлық сервистерді іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді "Атамекен" ҰКП-ның басқарма төрағасының орынбасары. 

Оның айтуынша, кәсіпкерлер сайттағы жеке кабинеттері арқылы ҰКП-ға барлық проблеманы жеткізе алады. Ол үшін смартфондағы бірнеше батырманы басып, "Атамекенге" өтініш берсеңіз жеткілікті.

"Біз ақпараттық жүйе арқылы салық берешегінің болуына байланысты шоттардың бұғатталуын алдын ала көре аламыз. Осылайша, кәсіпкерлерді ескертеміз. Олар қарызды өтейді немесе шағымдана алады. Сіз өндіретін өнімге тендер жарияланды делік. Біз сізге хабарлама жіберіп, бұл сатып алу бойынша қандай ұсыныс ұтатынын айта аламыз. Айыппұл келсе, жүйе мемлекеттік органға шағымды түсіру үшін хаттың үлгісін таңдап береді", - деді Темір Шыңғыс. 

Бұл және тағы басқа қызметтер бір терезеде қолжетімді болады.

"Жыл соңына дейін 1 млн 400 мың кәсіпкердің жеке кабинетін, ал 2022 жылғы бірінші тоқсанда экожүйенің негізгі цифрлық сервистерін іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді сөзін басқарма төрағасының орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу