Блогерлер де жеке кәсіпкер атануы мүмкін

3389

Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандармен қатар блогерлерге де көлеңкеден шығуға ұсыныс тасталды.

Блогерлер де жеке кәсіпкер атануы мүмкін

Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығының директоры Дмитрий Казанцевтің abctv.kz-ке хабарлағанындай, елдегі көлеңкелі блогерлік нарықтың айналымы қанша екенін әзірге ешкім есептемеген. Алайда осы уақыт ішінде ол айтарлықтай ақша айналымын түзе бастаған. Блогерлер көбінесе жанама сипатқа ие жарнама есебінен ақша табады. Мысалы, бьюти-блогерлер жасырын түрде әртүрлі косметикалық брендтерді жарнамалайды, ал фуд-блогерлер болса шырындар мен азық-түлікті жарнамалауда. Олардың мұндай компаниялармен ынтымақтастығын қадағалап, дәлелдеу қиын, бұл оларға салық төлеуден құтылып кетуге мүмкіндік береді. Дегенмен блогерлер қауымдастығының мәселесі күрделі деуге келмейді. Дмитрий Казанцевтің сөзінше, бұл қауымдастықтың кейбір өкілдері ақырындап болса да көлеңкеден шығып, жеке кәсіпкерлікті тіркеп жатыр. Негізінен мыңдаған жазылушысы бар танымал блогерлер сондай қадамға баруда.

Сонымен бірге РККО басшысы егер салықтар ақылға сыйымды болса, онда бұл нарықтың өкілдері өз бизнестерін заңдастырудың тиімді жақтарын түсінетін болады деп есептейді.

"Блогер салықты патент бойынша табысының небәрі бір пайызы мөлшерінде ғана төлеуі мүмкін. Оған кассалық аппарат керек емес, себебі патент кассалық аппараттан босатылған. Бизнесті заңдастыру оларға жарнама берушілерлі көптеп тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, ірі компания немесе банк жарнама бергісі келді дейік. Оларға шот-фактура, чек, қол қойылған келісімшарт керек екені түсінікті. Ал блогерлер ашық жұмыс істейтін болса, онда заңды тұлғалардың өзараәрекеті жандана түсінетін болады", – деді ол Алматыда өзін-өзі жұмыспен қамтитындарды заңдастыруға арналған конференцияның сыртында болған әңгімеде.

Қазақстан кәсіпкерлер форумының директоры Мунавара Полташева блогерлер салық төлеп жұмыс істеуге мүдделі болатындай тағы бір себеп барын айтты.

"Олардың әлеуемттік тұрғыдан қорғалуы да, оларға бизнесін заңдастыруға себеп болады деп ойлаймын", – деп түсіндірді ол.

Алайда заңдастыру проблемалары тек блогерлерге ғана қатысты емес, сондай-ақ тек жеке тұлғалармен ғана жұмыс істейтін өзін-өзі қамтитындарға да байланысты. Бұл – бала күтушілер, репетитор, фотографтар, көше таксистері, жеке қосалқы шаруашылық жұмыскерлері, отбасылық кәсіпорындардың ақысы төленбейтін жұмыскерлері және жеке кәсіпкер болып есептеймейтін басқа азаматтар.

"Бұл адамдар кеңсе жалдамайды, оларды салық органдары бірден таппайды. Мұндай бизнеспен 2,5 млн адам айналысып жүр. Мемлекет шағын бизнесі бар кәсіпкерлер әлеуметтік тұрғыдан қорғалған болуы үшін бағдарламаларды белсенді әзірлеп жатыр. Олар зейнетақы жарнасын төлемесе, оларға тіпті бизнестерін дамыту мен ұлғайтуға несие берілмейді де, жаңа деңгейге көтеріле алмайды", – деді Дмитрий Казанцев конференцияда.

Оның сөзінше, қазір үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді кәсіпкер ретінде тіркелуге ынталандыратын бірнеше бағдарлама әзірлеген. Оның ішінде оларға ең тиімдісі ай сайын 1 АЕК (2405 теңге) болатын салықтық төлем болуы мүмкін. Дмитрий Казанцевтің айтуынша, төлемді тек штатта жұмыс істейтін жұмыскері жоқ ұйым ғана төлей алады. Бұл жағдайда өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға ЖК ашып, салықтық есепті беру керек емес. 1 АЕК-ті төлеп, ресми түрде жұмыс істей беруге болады. Мұндай төлем төрт жарнаны біріктіреді. Яғни жеке табыс салығы, зейнетақы жарнасы, әлеуметтік медициналық сақтандыру және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарнаны қарастырады. Осылайша, кәсіпкерлер барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысады, ал республикалық бюджетке қосымша 3 млрд теңге түседі.

Онлайн-дүкендер үшін салық кодексінде корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден бес жылға босату қарастырлыған. Бірақ та ол үшін біршама шартты сақтау керек. Біріншіден,тауар қолма-қол ақшасыз сатып алыну керек. Екіншіден, кәсіпорынның өзінде тауарды жеткізетін жеке қызмет болу керек. Сондай-ақ тауарлардың электронды саудасынан түскен табыстың көлемі жылдық жиынтық табыстың 90%-ынан кем болмауға тиіс.

Офлайн-дүкендер сауданы қолма-қол төлем жасау арқылы жасайтын болса, онда оған 2% салық төлейді. Ал қолма-қол ақшасыз есептесетін болса, онда 1% салық төлейді. Сонымен қатар егер ұйым патент бойнша жұмыс істейтін болса, онда кассалық аппаратты 2022 жылға дейін қолданбаса болады.

Блогерлерге келетін болсақ, онда Дмитрий Казанцевтің ойынша, оларды интернетте қызмет көрсететіндерге жатқызуға болады. Бірақ та оларды салықтан босату туралы әзірше әңгіме болып отырған жоқ.

"Блогерлердің жұмысы интернетпен байланысты. Оларды бес жылға салық төлеуден босатады деп ойлаймын. Қазір тек интернет-сауда ғана салықтан босатылған. Алайда алдағы жылдары өзгерістер енгізеді де, интернетте қызмет көрсету де осыған кіретініне сенімдімін", – деді ол.

Блогерлерге салық төлетуге қатысты проблемалар басқа елдерде де бар екенін айтып кету керек. Мысалы, Ресейде блогерлер тек ірі коммерциялық сұраныс пайда болғанда ғана ЖК ашады. Ал ол арнада 200-250 мың жазылушы жиналған кезде басталады. Ресейдің ашық жұмыс істейтін блогерлері түскен табыстарының 6%-ын бюджетке аударады.

Еуропада блогерлер мен фрилансерлер салық төлемейді. Ал Италияның тәжірибесі бұған қарағанда біршама жақсы. Оларда салық органы шығыс табыстан асып кеткендегі айырмашылыққа салық салу арқылы көлеңкелі табысты қысқартты.

Жеке блоктарында жарнаманы орналастыруға шектеу қою тек АҚШ-тың Филадельфия штатында ғана бар. 2010 жылы жарнама орналастырған блогерлерге қазынаға 300 доллар салу немесе жыл сайын 50 доллардан төлеу ұсынылды. Жергілікті интернет-қауымдастық бұл заңға қарсы болды. Олар бұл талап кейбір блогерлердің тіпті парақшасын жауып тынатынын, өйткені олардың жарнамадан табатыны үкіметтің бекіткен төлем сомасынан аз екенін айтты.

Еске салар болсақ, жақында пайдаланушы Ботагөз Есениязова ұлттық экономика министрінің блогына жарнамадан ақша табатын блогерлердің жұмысының заңды негіздемесіне қатысты сұрақ қойған болатын.

"Тауар мен қызметтерді, оның ішінде жасырын қызметтерді ақылы жарнамалау есебінен пайда табады. Блогер қызметінің ақысы контенттің танымалдығы мен жазылушылардың санынан, жарнама түрінен белгілі болады. Яғни мұндай жұмыс белгілі бір табыс әкелетіні түсінікті. жарнама агенттіктерінің жұмысы мен жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында ұсыну экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторына сәйкес реттеледі. Бұл ретте блогерлердің жарнамалық қызметі жұмыстың бұл түріне сәйкес келмейді. Осыған орай Сізден блогерлер Қазақстанда кәсіпкер болып табылады ма соны түсіндіріп беруіңізді сұраймын. Егер кәсіпкер болса, онда олардың жұмысы қандай нормалармен реттеледі? Егер кәсіпкер болмаса, онда бұл саланы реттеу бойынша қандай бір шара жоспарланып жатыр ма?", – деп жазды ол.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұған қатысты блогерлердің жұмысы заңмен және Кәсіпкерлік кодексімен реттелетінін айтты.

Гүлназ Ермағанбетова, Римма Гахова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу