Bloomberg: Рубль 1994 жылдан бері бұрын-соңды болмаған деңгейде нығайды

345

Рубль басқа валюталарды артта қалдырды.

Bloomberg: Рубль 1994 жылдан бері бұрын-соңды болмаған деңгейде нығайды Фото: © «Московская газета»

2025 жылдың басынан бері рубль долларға қатысты 45%-ға нығайған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Bloomberg мәліметінше, ресейлік валюта әлемдегі ең табысты бес активтің қатарына енді. Олардың қатарында платина, күміс, палладий, алтын сияқты бағалы металдар мен рубль бар.

Bloomberg рубльдің нығаюын санкциялар салдарынан Ресейде шетел валютасына деген сұраныстың күрт төмендеуімен байланыстырды. Бұл басты себеп ретінде айтылған. Сондай-ақ, Ресей банкінің шетел валютасын сатуы және қатаң ақша-несие саясатын ұстануы да қосымша ықпал еткен. Жалпы алғанда, соңғы 12 айда рубль 1994 жылдан бергі ең күшті өсім көрсеткен. Қазіргі бағам бойынша бір доллар 78 рубль деңгейінде саудаланып жатыр. 

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, Ресей банкі үшін рубльдің нығаюы инфляциямен күресте тиімді. Десек те, Мәскеудегі Столыпин атындағы экономика институтының сарапшылары бұл үрдістің тәуекелдері бар екенін атап өткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу