Бобыржан Момынов: Геннадий Головкинның жетістігін қайталағым келеді

1545

Момынов 23-сәуір күні Анхель Руиспен кездеседі.

Бобыржан Момынов: Геннадий Головкинның жетістігін қайталағым келеді

Кәсіпқой бокста өзіндік дара жолы бар, жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) 23-сәуір күні АҚШ-тың намысын қорғайтын мексикалық Анхель Руиспен (16-1, 12 КО) жекпе-жек өткізеді. Осы кездесуге байланысты Бобыржан өзінің жерлесі, орта салмақ бойынша екі дүркін Әлем чемпионы Геннадий Головкинның (41-1-1, 36 КО) жетістігін қайталағысы келетінін мәлімдеді.

"Менің мақсатым - Әлем чемпионы атану және тарихта қалу. Қазіргі таңда Қазақстанда тек Triple G (Геннадий Головкин). Мен келесі болуға тырысамын", - деді Момынов АҚШ-тың Ring City баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Момынов пен Руис арасындағы жекпе-жек ертең, 23 сәуірде, Нью-Йоркте Уест Пойнтта өтеді және кездесу сегіз раундқа есептелген. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өткізді. Сонымен, Момынов таразыда 66,3 келіні (146,2 фунт) ал Руис одан сәл ауырлау - 66,5 (146,6) келіні көрсетті.

Момынов үшін алдағы жекпе-жек өткен жылдың 27-қыркүйегінен кейінгі алғашқы кездесу болмақ. Ол соңғы рет Қазан қаласында ресейлік Вагинак Тамразянды (17-8, 5 КО) жеңіп, жартылай орта салмақта IBF бойынша Еуразия чемпионы атағын жеңіп алған. Сондай-ақ, Момынов мексикалық боксшы Сауль Канело Альвареске (55-1-2, 37 КО) Головкинға қарсы кездесу өткізер алдында оның спарринг-әріптесі ретінде танылған.

Ал Момыновтың қарсыласына келер болсақ, Анхель Руис соңғы жекпе-жегін 2019-жылы Пуэрто-Риколық Хавьер Флореске қарсы өткізген еді. Алғашқы раундта Анхель қарсыласынан басым түскенімен, екінші раундта құлап қалды. Бірақ содан кейін шабуылдау барысында ол ашыла түсті және оның соққылары күшейе берді. Дегенмен, кездесу нәтижесі бойынша Флорес жеңіске жетті. Осыдан кейін мексикалық боксшы рингке шыққан емес. Енді  біраз уақыт үзілістен кейін ол боксқа қайта оралып, Момыновпен жұдырықтасатын болды. Қалай болғанда да Анхельдің жылдамдығы, жойқын күші мен жылдам шабуылдары кез-келген боксшыға қауіп төндіруі мүмкін. Оған қоса ол солақай және жекпе-жектерінің басым бөлігін мерзімінен бұрын аяқтаған (16 кездесудің 12-сінде жеңіске жетті).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу