18 желтоқсанда Голливудта (Флорида, АҚШ) өтетін бокс кешінің барлық қатысушылары анықталды. Оның басты оқиғасы IBF және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шереметаның (21-) 0, 5 KO) жекпе-жегі болады.
GGG-дің чемпиондық атағын қорғап қалу бойынша өткізетін рекордтық 21-ші кездесуінен бөлек бокс кешінде келесі былғары қолғап шеберлері де жекпе-жек өткізеді:
Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) - Карлос Гонгора (18-0, 13 КО) - екінші орта салмақта IBO санаты бойынша Әлем чемпионы белбеуі үшін сынға түседі. 25 жастағы Ахмедовтың қарсыласы 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Оның ішінде 13 кездесуді нокаутпен жеңген. Ал 18-желтоқсанда өтетін кеште Әли мен эквадорлық арасындағы кездесу 12 раундқа есептелген.
Чой Хен-ми (17-0-1, 4 КО) - Калиста Сильгадо (19-11-3, 14 КО) - екінші жеңіл салмақ бойынша WBA Super әлем чемпионы атағы үшін күрес;
Джон Райдер (28-5, 16 КО) - Майк Гай (12-5-1, 5 КО) - Екінші орта салмақ;
Джалан Уокер (6-0, 6 КО) мен Рафаэль Райс (18-11, 14 КО) - жеңіл салмақ
Решат Мати (8-0, 6 КО) - Деннис Окот (4-4-1, 2 КО) - жартылай орта салмақ.
Жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18-нен 19-желтоқсанға қараған күні, таңғы сағат 04: 00-де басталады. Ал Головкин - Шеремета жекпе-жегі сағат 07: 00-ге жоспарланған.
Ермұхамед Мәулен