Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финал жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай бақылауға алып, төрешілердің бірауыз 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Үндістан спортшысынан басым түсті.
Енді қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы (+90 келі) алтын медаль үшін өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездеседі.
Зокиров финалға Иран өкілі Амир Эсмаили Вандеимен болған жекпе-жектен кейін жолдама алды. Өзбек боксшысы қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Екінші раундта да Жахонгир шабуылын үдетіп, төреші ирандық боксшыға есеп ашуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, 26 жастағы Айбек 2025 жылғы әлем чемпионы және 3 дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.