Бейнежазбада әлем чемпионы Алуа Балқыбекованы арнайы марапаттап, автокөлік тарту еткені айқын көрінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Бұл маңызды оқиға 21 желтоқсанда Алматы қаласында ұйымдастырылған Алматы бокс федерациясының жылдық конференциясы барысында өтті. Сондай-ақ, биылғы жылы әлемдік аренада Қазақстанның абыройын лайықты қорғаған AlmatyBoxingTeam командасының өзге де өкілдеріне құрмет марапаттар мен ақшалай сыйақылар табысталды, – делінген хабарламада.
Өз кезегінде боксшы Алуа Балқыбекова "Алматы Бокс федерациясы әлем чемпионаттарының нәтижесі үшін осындай сый жасады.
Федерация ұжымына еңбегімізді елеп, осындай керемет қолдау көрсетіп жатқанына көп-көп рақмет айтамыз!" деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.