Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай шықты.
Жерлесіміз 48 келіге дейінгі салмақта Канада өкілі Приянка Диллонмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша Назым ширек финалда бақ сынайды.
Сондай-ақ, бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Сақыш Астанада өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Қазақстандық боксшы 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде германиялық Татьяна Обермайермен жұдырықтасты. Нәтижесінде, Әнел Сақыш 3 мәрте қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жектің қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогы өтеді. Жарысқа 30 елден 300 боксшы қатысады.