Боксшыларымыз Elorda Cup турнирінде 8 алтын медаль жеңіп алды

657

Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасында Elorda Cup халықаралық турнирі өтті.

Боксшыларымыз Elorda Cup турнирінде 8 алтын медаль жеңіп алды

Ерлер 13, әйелдер 12 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақстан құрамасынан Олимпиада жүлдегерлері, Әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты. Бірінші орын үшін боксшыларға 700 доллар, екінші орынға 400 доллар, үшінші орынға 200 доллар көлемінде сыйақы берілді.

Айта кетерлігі, Мырзағали Айтжановтың бапкерлік құрамы үшін қазіргі турнир кейбір салмақ дәрежелері бойынша алдағы жұмыс үшін шешуші болды. 57, 63,5 және 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар Ханчжоуда (Қытай) өтетін лицензиялық жазғы Азия ойындарына іріктеуде қосымша мүмкіндік алады.

Ерлер арасында өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар:

48 келі: Теміртас Жүсіпов

51 келі: Сәкен Бибосынов

54 келі: Тимур Қабдешев

57 келі: Махмұд Сабырхан

60 келі: Дилшод Абдумуродов (Өзбекстан)

63,5 келі: Ертуған Зейнуллинов

67 келі: Шамшер Саидов (Тәжікстан)

71 келі: Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)

75 келі: Нұрқанат Райыс

80 келі: Тоқтарбек Таңатхан

86 келі: Абзал Құттыбеков

92 келі: Сағындық Тоғамбай

+ 92 келі: Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Әйелдер арасында өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар:

48 келі: Алуа Балқыбекова

50 келі: Назым Қызайбай

52 келі: Ву Ю (Қытай)

54 келі: Жайна Шекербекова

57 келі: Виктория Графеева

60 келі: Римма Волосенко

63 келі: Янг Ченгу (Қытай)

66 келі: Наталья Богданова

70 келі: Жасмин Қизатова

75 келі: Ли Кьян (Қытай)

81 келі: Ванг Лина (Қытай)

+ 81 келі: Елдана Тәліпова

Ерлер арасындағы үздік боксшы болып қазақстандық Махмұд Сабырхан (57 келі) танылды. Әйелдер арасында бұл номинацияны Қытай өкілі Янг Ченгу (63 келі) жеңіп алды. Үздік рефери атағы – Ерлан Ғазизовқа, үздік төреші – Ғани Ысқақовқа бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу