Боксшыларымыз Испанияда өтетін Boxam Elite турниріне қатысады

97

Жарысқа шамамен 20 команда жиналады деп күтілуде.

Боксшыларымыз Испанияда өтетін Boxam Elite турниріне қатысады

Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркістан облысында аяқтап, Испанияға аттанды. Мұнда команда бірлескен жаттығу өткізіп, Boxam Elite халықаралық турниріне қатысады. 

Маусым басындағы жарыс тәжірибесін арттыру мақсатында турнирге ұлттық құраманың екі құрамы қатысады. Ақпан айында боксшылар Алматы облысында жаттығып, кейін Болгариядағы дәстүрлі "Странджа" халықаралық турнирінде бақ сынайды.

2026 жылдың алғашқы ірі жарысы — 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында Моңғолияда өтетін Азия чемпионаты. Сонымен қатар, құрама 19 қыркүйек – 4 қазан күндері Жапонияда өтетін Азия ойындарына да дайындалады.

Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі боксшылар енді ұлттық құрама жүйесіне тікелей енеді. Биыл WORLD BOXING ұйымы U23 санатында Азия чемпионатын өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу