Биыл бокс маусымы қызу жүріп жатыр. Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар Испания мен Сербияда өткен халықаралық турнирлерге қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Енді маңызды жарыстардың бірі – Болгариядағы Странджа турнирінің уақыты келді. Көпшілік оны "кіші әлем чемпионаты" деп атайды.
Биыл Қазақстан құрамасынан бөлек жарыста Алжир, Қытай Тайбейі, Хорватия, Ұлыбритания, Уэльс, Франция, Өзбекстан, Греция, Венгрия, Моңғолия, Косово, Словакия, Түркия және әрине турнир қожайындары Болгария құрамасының спортшылары шаршы алаңға шығады.
Странджа турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы:
Ерлер:
48 келі. Теміртас Жүсіпов, Санжар Тәшкенбай
51 келі. Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
54 келі. Махмұд Сабырхан, Тимур Қабдешов
57 келі. Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев
60 келі. Талғат Сырымбетов, Серік Теміржанов
63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов
67 келі. Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев
71 келі. Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов
75 келі. Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсейітов
80 келі. Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
86 келі. Нұрбек Оралбай, Бекзат Нұрдәулетов
92 келі. Данияр Рахымбердинов
+92 келі. Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай
Әйелдер:
48 келі. Әйгерім Сәттібаев, Ақбота Болат
50 келі. Гүлнар Тұрапбай, Елянур Турганова
52 келі. Жазира Орақбаева, Жансая Рахымберді
54 келі. Элина Базарова, Әнел Сақыш, Сымбат Әлиасқар
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
60 келі. Римма Волосенко, Анар Тұрсынбек
63 келі. Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
66 келі. Ұлдана Таубай, Гаухар Шайбекова
70 келі. Әзиза Исина
75 келі. Шұғыла Нәлібай, Анастасия Баязитова
81 келі. Жібек Жарасқызы
+81 келі. Ләззат Күнгейбаева, Дина Исламбекова
23 ақпан күні турнирдің жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары анықталған болатын.
Бүгін, 24 ақпан Болгариядағы турнирдің бірінші айналымында қазақстандық боксшыларды Өзбекстанның олимпиада чемпиондарына қарсы екі тартысты жекпе-жек күтіп тұр. Серік Теміржановтың қарсыласы – олимпиада чемпионы Абдумәлік Халоков болса, ал Төрехан Сабырхан Асадхужа Муйдинхуджаевпен кездеседі.
Сондай-ақ, Санатәлі Төлтаев болгариялық Мехмед Эмирджанмен жұдырық түйістіреді. 57 келіде Молдашев Дәулет әзербайжандық Сулейманов Залимханға қарсы шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық боксшылар бұл турнирге 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 12 алтын, 16 күміс және 28 қола медаль жеңіп алды. Бірақ осы уақытқа дейін бірде-бір қазақстандық спортшы бұл турнирдің екі дүркін чемпионы атанған жоқ.
Биыл бұл көрсеткішке қол жеткізуге Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырханның мүмкіндігі бар.