Бокстан әлем чемпионатының ширек финалистері анықталды

111

Жартылай финалға шыққан спортшылар кем дегенде қола медаль алады. 

Бокстан әлем чемпионатының ширек финалистері анықталды Фото: Спорт Шредингера

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының барлық ширек финалистері анықталды.

1/8 финал кезеңінен барлық боксшылары сүрінбей өткен жалғыз құрама – Ресей. 13 боксшының барлығы да жеңіске жетті.

Ширек финалистер саны бойынша 2-орында Өзбекстан құрамасы – 11 боксшы. Үздік үштікті Қазақстан құрамасы түйіндеп тұр – 10 боксшы. Турнирдің ширек финалына дейін жеткен қазақстандық боксшылар:

Теміртас Жүсіпов (48 кг), Даниял Сәбит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Санатали Төлтаев (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92 кг жоғары).

Бүгін, 10 желтоқсан рингке 10 қазақстандық боксшы шығады. 

Жекпе-жек кестесі:

18:15, 48 кг. Теміртас Жүсіпов – Лал Прасад Упрети (Непал)
18:45, 54 кг. Сәкен Бибосынов – Мвенго Мвале (Замбия)
19:00, 60 кг. Серік Теміржанов – Акмал Убайдов (Тәжікстан)
19:30, 67 кг. Санатәлі Төлтаев – Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)
20:15, 75 кг. Сабыржан Аққалықов – Мирослав Капулер-Ищенко (Израиль)
21:15, +92 кг. Нұрлан Сапарбай – Давид Чалоян (Армения)
22:15, 51 кг. Даниял Сабит – Патрик Чинемба (Замбия)
22:30, 57 кг. Оразбек Асылқұлов – Карлос Мартинес Бернад (Испания)
23:15, 63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов – Ахмад Штиви (Израиль)
23:45, 71 кг. Абылайхан Жүсіпов – Сархан Алиев (Әзербайжан)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу