Қазақстан құрамасынан 7 спортшы сәтті өнер көрсетіп, келесі кезеңге шықты.
Ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай (+80 кг) хорват Лука Пратлажачичті 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалда аты аңызға айналған кубалық, екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар ла Крусқа қарсы шығады.
Ағайынды Сабырхандар да өздерін мықты көрсетті:
Махмұд Сабырхан (55 кг) – жапон Руи Ямагучиді 5:0 есебімен ұтты;
Төрехан Сабырхан (70 кг) – франциялық Макан Траореден басым түсті (5:0).
Әйелдер арасында да бірнеше сенсация тіркелді:
Алуа Балқыбекова (51 кг) – тайпейлік Иксуан Гуоға қарсы айқын жеңіске жетті;
Аида Әбікеева (65 кг) – Олимпиада чемпионы түрік Бусеназ Сурменелиді 5:0 есебімен тоқтатты;
Елдана Талипова (+80 кг) – Жаңа Зеландия өкілі Селин Даниэльді жеңіп, жартылай финалда польшалық Агата Кацмарскамен кездеседі;
Виктория Графеева (60 кг) – өзбек Ситора Турдыбекованы 4:1 есебімен тоқтатты.
Ал бірнеше қазақстандық спортшы турнирден шығып қалды. Олардың арасында Нұрбек Оралбай, Бибарыс Жексен, Ертуған Зейнулинов және тағы басқалар бар.
Басқа елдерден Кубаның жұлдыздары Эрисланди Альварес пен Хулио Сезар ла Крус сенімді жеңіске жетті. Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан боксшылары да сынға түсті, бірақ барлығы бірдей жартылай финалға өте алмады.
Әлем чемпионатының жартылай финалдық айқастары 12-13 қыркүйекте, ал финалдық жекпе-жектер 14 қыркүйекте өтеді.