Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлік кеңесі Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан ұлттық құрамасы:
48 келі. Әйгерім Сәттібаева,
50 келі. Алуа Балқыбекова,
52 келі. Жазира Орақбаева,
54 келі. Сымбат Әлиасқар,
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек,
60 келі. Виктория Графеева,
63 келі. Аида Әбікеева,
66 келі. Милана Сафронова,
70 келі. Наталья Богданова,
75 келі. Диана Мағауияева,
81 келі. Гүлсая Ержан,
+81 келі. Елдана Талипова.
Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) өтеді.
Қазіргі уақытта әйелдер құрамасы Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен Алматы облысында біріншілікке дайындығын пысықтап жатыр.
Айтулы додаға бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева қатысады. Ол жұбайы, бокстан Азия чемпионы Олжас Сәттібаев екеуі бес ұл-қыз тәрбиелеп отыр.