Бес баланың анасы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі

354

Екі боксшы да тартысты ойын көрсетті.

Бес баланың анасы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстаннан алғашқы болып Әйгерім Сәттібаева жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ә.Сәттібаева 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен шеберлік байқасты.

Екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер шешімімен жеңіс өзбекстандық спортшыға берілді – 4:1.

Осылайша, ұзақ жылғы үзілістен кейін спортқа қайта оралған бес баланың анасы, белгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың зайыбы Әйгерім қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл – оның спорттық жолындағы Азия чемпионатында алған екінші қола медалі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу