Бүгін бокстан Азия чемпионатында кімдер шаршы алаңға шығады

303

Олардың қай-қайсысы да қарсыласын жеңсе, жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлдеге ие болады. 

Бүгін бокстан Азия чемпионатында кімдер шаршы алаңға шығады Фото: olympic.kz

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бесінші жарыс күні Қазақстаннан бес спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта екінші жекпе-жегін өткізеді.

Рингке екінші жұпта шығатын Дулат бұл жолы малайзиялық Ариф Айман Мухаммадпен жұдырықтасады.

Сондай-ақ 1/8 финалда Абылайхан Жүсіпов пен түркменстандық Байрамдурды Нұрмұхамедов (71 кг), Диас Молжігітов пен жапониялық Дайга Сунага (75 кг) рингте қай мықтыны анықтайды.
Әйелдер арасында Әйгерім Сәттібаева (48 кг) Филиппин өкілі Офелия Маньомен, Сымбат Әлиасқар (54 кг) қытайлық Вен Шан Хумен қолғап түйістіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу