Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші орынды иеленді

383

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жүлделер саны бойынша көш бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші орынды иеленді Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы қыздар 5 алтын, 5 қола жүлдеге қол жеткізді.

Екінші орында – Өзбекстан құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола).

Таиланд (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Бүгін Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (+81 кг) чемпион атанды.

Сондай-ақ, Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу