Бокстан ел құрамасы Иорданияға аттанды

1269

Бəсекелестік өте жоғары болғаны соншалық, іріктеуде кімнің Азия чемпионатына баратынын анықтау бапкерлерге қиынға түсті.

Бокстан ел құрамасы Иорданияға аттанды Фото: olympic.kz

Əйелдердің ізін ала Иордания астанасы Амманда өтетін бокстан Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қайрат Сəтжанов шəкірттері Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы орталықта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жектерге дайындалды. Тура 10 күнге созылған дайындық 28-қазанда аяқталды. Оқу-жаттығу аяқтала салысымен сол күні-ақ Ұлттық құрамамыз Иорданияға аттанды.

"Дайындық өте жақсы өтті. ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы мен Қазақстан бокс федерациясының арқасында бəсеке қарсаңында ешқандай қиындық болған жоқ. Бокс елімізде кең танылған, үнемі жанкүйерлер назарында болатын спорт түрі. Алдыңғы құрлық додасының нәтижесін қоғамның қалай талқылап, сынға алғаны əлі есімізде. Дубайда ерлер құрамасы алтынсыз қалғанын білесіздер. Биыл біз есе қайтарғымыз келеді. Мақсат – жалпы есепте көш бастау", – деді Спортты дамыту дирекциясына берген сұхбатында бас бапкер Қайрат Сəтжанов.

Бокстан XXXII Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек. Ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта сынға түседі. Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып ұйымдастырады.

Амманда жұдырықтасатын боксшылар тізімі: Санжар Ташкенбай (48 кг), Сəкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Саматəлі Төлтаев (60 кг), Санатəлі Төлтаев (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғанбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу