Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

296

Әйелдер арасындағы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты 6-17 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтеді.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербияда өтетін әлем чемпионатына қатысады Фото: olympic.kz

Жарысқа 100-ден астам елден 500-ден астам спортшы қатысады. Олар 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Турнир Cair Sports Center спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Бастапқыда чемпионатты 2024 жылы Қазақстанның Астана қаласында өткізу жоспарланған еді. Бірақ ол кейінге шегеріліп, Нишке ауыстырылды.

Бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен дүниежүзілік додада ел намысын қорғайтын бұрымды боксшыларымыз:

48 келі. Назым Қызайбай
50 келі. Алуа Балқыбекова
52 келі. Анита Адишева
54 келі. Жайна Шекербекова
57 келі. Карина Ибрагимова
60 келі. Виктория Графеева
63 келі. Аида Абикеева
66 келі. Жасмин Кизатова
70 келі. Наталья Богданова
75 келі. Надежда Рябец
81 келі. Гулсая Ержан
+81 келі. Елдана Талипова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу