Бокстан Қазақстан чемпионаты: Ерлер арасында 10 салмақ бойынша финалистер анықталды

288

Ел біріншілігінің финалдық жекпе-жектері бүгін өтеді.

Бокстан Қазақстан чемпионаты: Ерлер арасында 10 салмақ бойынша финалистер анықталды Фото: olympic.kz

Таразда бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Бүгін ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп, ақтық сынға жолдама алған боксшылар белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Финалға шыққан спортшылар:

  • 50 келі: Нұрзат Оңғаров, Диас Берікбай;
  • 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек, Бексұлтан Хужанжар;
  • 60 келі: Бибарыс Жексен, Әділбек Қожахан;
  • 65 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Абзал Серік;
  • 70 келі: Фарух Тоқтасынов, Елнұр Сүйінбай;
  • 75 келі: Аман Қонысбеков, Нұрбек Мурсал;
  • 80 келі: Санжар-Әли Бегалиев, Өнер Сейілхан;
  • 85 келі: Темірлан Мұқатаев, Сұлтанбек Айбарұлы;
  • 90 келі: Сағындық Тоғамбай, Дәулет Төлемісов;
  • 90 келіден жоғары: Данияр Рахымбердинов, Ерсұлтан Сапар.

Осылайша, жартылай финалда жеңілген боксшылар Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Олардың қатарында әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов та бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу