Бокстан Қазақстан Чемпионаты: Финалистер тізімі белгілі болды

2216

Боксшылар арасында Әбілхан Аманқұл финалға жекпе-жексіз шықты.

Бокстан Қазақстан Чемпионаты: Финалистер тізімі белгілі болды

Шымкентте өтіп жатқан бокстан Қазақстан Чемпионатының барлық финалистері анықталды. Аса ауыр салмақ бойынша "алтын" медаль иелену үшін бокстан Ұлттық құраманың капитаны қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев пен Түркістан облысының өкілі Нұрлан Сапарбай финалда шаршы алаңға шығады.

91 келіге дейінгі салмақта финалға 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы 19 жастағы Сағындық Тоғамбай мен жастар Олимпиадасының чемпионы 20 жастағы Айбек Оралбай жолдама алды.

81 келіге дейінгі салмақта финалда рингке екі Әлем чемпионы - 2019 жылы Екатеринбургте өткен Әлем чемпионатында ересектер арасында элиталық дивизионында ең үздік боксшы атағын жеңіп алған 22 жастағы Бекзат Нұрдәулет және 2018 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы атанған Нұрбек Оралбай сынға түседі. Ал Әбілхан Аманқұл финалға жекпе-жексіз өтті.

69 келі салмақта финалда қарағандылық Абылайхан Жүсіпов пен жамбылдық Асланбек Шымбергенов кездеседі.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақмолалық Ерсұлтан Болат пен Алматы облысынан келген Ертуған Зейнуллинов сынға түседі. "Қола" медаль жарақатына байланысты жартылай финалдық жекпе-жектен бас тартқан 34 жастағы Закир Сафиуллинге бұйырды.

Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған Сәкен Бибосынов пен жастар арасындағы Азияның үш дүркін чемпионы Махмуд Сабырхан 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін таласады.

Сонымен қатар, 60 келіге дейінгі салмақта фаворит турнирден шығып қалды. Жартылай финалда астаналық боксшы Ілияс Сүлейменов, Азия ойындарының чемпионы және Азияның вице-чемпионын 25 жастағы Шығыс Қазақстан обылысының өкілі Бекнұр Ожанов айқын басымдылықпен жеңді. Финалда ол Саматәлі Толтаевпен кездеседі.

Әйелдер арасындағы сында қалған соңғы жұптар тізімі:

51 келіге дейінгі салмақта: Ангелина Лукас - Назым Қызайбай;

60 келіге дейінгі салмақта: Римма Волосенко - Карина Ибрагимова;

69 келіге дейінгі салмақта: Дариға Шәкімова - Валентина Хальзова;

75 келіге дейінгі салмақта: Марина Вольнова - Надежда Рябец.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу