Бокстан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

347

Таразда бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Бокстан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды Фото: olympic.kz

Әйелдер арасында финалдық жекпе-жек өтіп, алтын медаль сарапқа салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Нұрзат Оңғаров (50 келі), Элина Базарова (54 келі), Әділбек Қожахан (60 келі), Виктория Графеева (60 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Санжар-Әли Бегалиев (80 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дәулет Төлемісов (90 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Диас Берікбай (50 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Бибарыс Жексен (60 келі), Анар Тұрсынбек (60 келі), Елнұр Сүйінбай (70 келі), Аружан Жаңабаева (70 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу