banner

Бокстан Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды

1880

23 желтоқсан күні еліміздің Батыс өңірінде бокстан ел чемпиондарының есімдері белгілі болады. Чемпиондық атақтан үміткерлер арасында жас спортшылар да баршылық. Осы турнирден кейін Ұлттық құрама сапында өзгерістер болары анық.

Бокстан Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды

Сербияда өткен соңғы әлем чемпионатына қатысушылардың біразы ақтық жекпе-жекке дейін жетті. Олар Нұрқанат Райыс, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай және Нұрлан Сапарбай. Финалға шыққандар қатарында әскерилер арасындағы ауыр салмақта әлемдік турнирдің жеңімпазы Абзал Құттыбеков те бар. Бокстан бұрынғы жастар құрамасының көшбасшылары да чемпиондық атақтан үмітті.

Жартылай финалда ерекше көзге түскендердің бірі ауыр салмақта өнер көрсететін Нұрбек Оралбай болды. Ол Ерхан Бекзатты үшінші раундта екі рет нокдаунға түсіріп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Аса ауыр салмақта да нокдаун орын алды. 2021 жылғы әлем чемпионатының тағы бір қатысушысы Нұрлан Сапарбай бірінші айналымда Дамир Тойбайды есеңгіретіп жіберсе, екіншісінде нәтижелі шабуылын қайталады. Бұл жетістік Нұрланның финалға шығуына мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта финалистер саны бойынша бірден үш аймақ – Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау және Түркістан облыстары көш бастап тұр. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының өкілдерінен төрт боксшы қола жүлдегер атанса, тағы екі былғары қолғап шебері финалға шықты.

Финалистер тізімі келесідей:

48 келіге дейін: Даниял Сәбит - Санжар Тәшкенбай

51 келіге дейін: Нұрсұлтан Нұриденов - Дамир Әбдіқадыр

54 келіге дейін: Олжас Байниязов - Талғат Сырымбетов

57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов - Айдос Арапов

60 келіге дейін: Василий Самчук - Әділет Құрметов

63,5 келіге дейін: Ділмұрат Мижитов - Абзал Серік

67 келіге дейін: Дархан Дүйсебай - Дулат Бекбауов

71 келіге дейін: Қуан Қуатов - Ермахан Жақпеков

 

75 келіге дейін Нұрқанат Райыс - Аятулла Тәкіжанов

80 келіге дейін Нұрбек Оралбай - Жәнібек Қарбаев

86 келіге дейін Сағындық Тоғамбай – Мәди Әміров

92 келіге дейін - Абзал Құттыбеков - Айбек Оралбай

92 келіден жоғары - Нұрлан Сапарбай - Аманат Сабырғали

Финалдық жекпе-жектер 23 желтоқсанға жоспарланған. Турнир Орал қаласындағы "Теннис орталығы" спорт кешенінде өтуде.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу