Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 8 алтын алды

251

4-10 ақпан аралығында Сербияда "Belgrade winner" турнирі өтті.

Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 8 алтын алды Фото: boxingkazakhstan

Belgrade winner – Еуропадағы ең көне жарыстардың бірі. 2025 жылы 62-ші мәрте ұйымдастырылған турнир Раковица спорт орталығында өтті.

Бұл жарыс дәстүрлі түрде әлем чемпионаттары сияқты ірі халықаралық жарыстарға дайындалудың маңызды кезеңі. 

Қазақстан құрамасынан жарысқа 15 былғары қолғап шебері қатысып, оның 13-і жүлдемен елге оралды. Ал, 71 келіде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал турнирдің үздік боксшысы атанды. 

Қазақстан құрамасының нәтижесі:

  • Нұрғиса Тұрабеков (48 келі) – алтын медаль
  • Рамазан Нұрлыбаев (51 келі) – алтын медаль
  • Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі) – алтын медаль
  • Жансері Көшербаев (60 келі) – алтын медаль
  • Нұрбек Мұрсал (71 келі) – алтын медаль
  • Санжарәлі Бегалиев (75 келі) – алтын медаль
  • Дәурен Мамыр (86 келі) – алтын медаль
  • Нұрасыл Асылхан (+92 келі) – алтын медаль
  • Бексұлтан Боранбек (54 келі) – күміс медаль
  • Илья Калинин (67 келі) – күміс медаль
  • Бақберген Әлиасқаров (75 келі) – күміс медаль
  • Ильяр Аширов (80 келі) – күміс медаль
  • Бекзат Мақжан (63.5 келі) – қола медаль

Осылайша, "Belgrade Winner" турнирі спортшыларға өз дайындықтарын пысықтап, алдағы әлем чемпионаттарына әзірленуге тамаша мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу