Ақпан айының басында боксшыларымыз Испанияның Аликанте қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып, 3-9 ақпан аралығында халықаралық Boxam Elite-2025 халықаралық турнирде жұдырықтасты.
Біздің команда ерлер арасында да, әйелдер арасында да өнер көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері барлығы 18 медаль, оның ішінде 6 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль иеленді.
Испаниядағы халықаралық турнирдегі Қазақстан құрамасының нәтижесі:
48 келі
Нұрзат Оңғаров – алтын медаль
Ернар Қарап – күміс медаль
54 келі
Бағлан Кенжебек – алтын медаль
Ақтілек Орынбасар – күміс медаль
57 келі
Ерхан Тұрдан – алтын медаль
Жасұлан Тілеумбек – қола медаль
60 келі
Бейбарыс Жексен – алтын медаль
63,5 келі
Алмат Абдуали – алтын медаль
Жандос Қыдыралиев – күміс медаль
67 келі
Дулат Бекбауов – қола медаль
71 келі
Дархан Дүйсебай – алтын медаль
Елнұр Сүйінбай – қола медаль
75 келі
Диас Молжігітов – қола медаль
80 келі
Дәулет Төлемісов – қола медаль
+92 келі
Даниял Сапарбай – қола медаль
Әйелдер:
48 келі. Роксана Гасымова – күміс медаль
70 келі. Бақыт Сейдіш – күміс медаль
75 келі. Диана Мағауияева – қола медаль