Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

3788

Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды Фото: 1bol.kz

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сәтжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі.

Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері. Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.

2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген. 2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды. Қайрат Сәтжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

Еске салайық, Мырзағали Айтжанов бастаған бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу