11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.
"Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз", - деді бас бапкер.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бокстан Қазақстан командасында өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов кірісті.
Ол осы қызметте Мырзағали Айтжановты алмастырған болатын.