Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны ауысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2022 жылғы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы (2018) Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының капитаны атанды.
Айта кетелік, Айбек Оралбай Париж Олимпиадасында өнер көрсетті. Ол 92 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзербайжандық Лорено Альфонсо Домингеске жол берген болатын.
Кейін белгілі болғандай, Париж Олимпиадасынан соң Айбек +92 келі салмаққа ауысты. Алдағы Азия чемпионатына боксшы аса ауыр салмақта қатысуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу