"Болашақ" студенттері Pfizer вакцинасын Қырғызстан мен Өзбекстаннан салдыруға мәжбүр"

2863

Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары халықты халықаралық белгілі вакциналармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

"Болашақ" студенттері Pfizer вакцинасын Қырғызстан мен Өзбекстаннан салдыруға мәжбүр"

"Шетелге шығуды жоспарлап отырған көптеген адам, әсіресе студенттер, бизнесмендер және басқа да қазақстандықтарға ақылы негізде Pfizer вакцинасы жоқ", – деп атап өтті депутат Ғани Хамзин. 

Қазақстанда Спутник-V, Qazvac, Sinopharm препараттары бар және белгілі санаттағы адамдарға Pfizer препараттары қолжетімді екені белгілі. Олардың ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тек Sinopharm мен Pfizer-ді мойындап отыр. 

"16 қарашада Қазақстан халқын ерікті түрде ақылы негізде вакцинациялау үшін коммерциялық нарықта Covid-19 Comirnaty Pfizer вакцинасын сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы қолдау тапты. Алайда бұл препаратпен ақылы негізде вакцинация әлі басталған жоқ. Өткен жылдың 11 қазанындағы "Үкімет сағатында" алдыңғы Денсаулық сақтау министрі Цой, Sinopharm компаниясының Verocell вакцинасының елдің барлық аймақтарында болуы керегін айтты. Бүгінгі таңда Sinopharm-ның жетіспеушілігі байқалады", – деп толықтырды Ғани Хамзин. 

Оның айтуынша, біздің азаматтар ДДҰ мақұлдаған вакциналарды ала алмайтын жағдайға тап болды. Бұл үлкен қиындықтар туғызады. Мәселен, қаңтар-ақпанда оқуы басталатын "Болашақ" бағдарламасының студент-стипендиаттары ақылы Pfizer-ді күте-күте күдер үзіп, вакцина алу үшін көрші елдерге баруға мәжбүр. Әсіресе, Қырғызстан мен Өзбекстанға барады.

"Елорда, Алматы қалалары, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары өз өңірлерінде ревакцинация үшін тек Qazvac қана бар деп шағымданады. Көптеген адам Pfizer-ді ақылы алуға даяр, алайда ол қашан әкелінетіні беймәлім. Осы уақытқа дейін ақылы негізде Pfizer вакцинациясының нақты басталу күні еш жерде жарияланған жоқ. Бұл адамдардың жоспарларын бұзады және олардың Денсаулық сақтау министрлігіне деген теріс көзқарасын қалыптастырады", – деп түсіндірді Ғани Хамзин. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу