Болашақ зейнеткерлердің зейнетақысы күні бұрын есептеледі

Аскар Чокин Аскар Чокин
3432

Бұл қызмет түрі Астанада көрсетіледі.      

Болашақ зейнеткерлердің зейнетақысы күні бұрын есептеледі

Зейнетақыны алдын ала есептету және кеңес алу үшін Астана қаласындағы "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің бэк-кеңселеріне бару керек немесе қажетті құжаттар – еңбек кітапшасын, білімі туралы дипломды, әскери билет, неке туралы куәлікті zeinetker@goscorp.kz электронды мекенжайына жіберу қажет.

"Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ баспасөз қызметінің айтуынша, зейнетке шығатын әйелдерге балаларының туу туралы куәлігі және жеке куәлігі керек. Еңбек өтілі туралы құжат болмаған жағдайда архивтің анықтамасын, сот шешімін, оңалту туралы анықтаманы әкелуге болады.

"Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы" ҚАҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл қанатқақты жобаны сынақтан өткізу – белсенді мемлекеттік қызмет көрсетуге жасалған алғашқы қадам. 

"Біз азаматтардың келгенін күтіп отырмай, олардың қызмет түрін алуына өзіміз бастама жасағымыз келетінін бірнеше рет айтқан болатынбыз. Әзірге бұл біз бастамашы болып отырған алғашқы қанатқақты жоба. Жоба клиенттерге үйден шықпай-ақ зейнетақы төлемдерін алдын ала есептетіп алуына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қанатқақты жобалардың басым көпшілігі белсенді қызмет көрсету түріне бағытталатын болады деп ойлаймын", – деді Абылайхан Оспанов.

Сондай-ақ Абылайхан Оспанов қанатқақты жоба әзірге тек Астанада ғана сынақтан өтіп жатқанын, егер азаматтардың пікірі жақсы болса, еліміздің басқа қалаларына да таратылатынын тілге тиек етті. Айта кетерлігі, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері электронды поштаға өтініш келіп түскен соң үш күннен кешіктірмей, зейнетақының алдын ала есептелген көлемі көрсетілген ақпарды  беруі тиіс. Егер азаматтар корпорацияның бэк-кеңсесіне келетін болса, онда ақпарды сол күні алады.

Айта кетерлігі, зейнетақысын алдын ала есептетуге қатысты өтінішті тек зейнетке шығуына үш ай қалған азаматтар ғана білдіре алады.

Астана қаласы бойынша "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің бэк-кеңселерінің филиалы "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ мекенжайы:

1. Сарыарқа аудандық бөлімшесі – С.Сейфуллина көшесі, 22.

2.Есіл аудандық бөлімшесі – Достық көшесі, 13.

3. Алматы аудандық бөлімшесі – Достық көшесі, 13. Жұмыс кестесі: Дүйсенбі – жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ге дейін 14.00-ге дейін.

Асқар Чокин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу