Болат Назарбаев иелігінде болған машина жасау зауыты акциясы мемлекетке қайтарылады

1841

Осыған қатысты Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімі шықты. 

Болат Назарбаев иелігінде болған машина жасау зауыты акциясы мемлекетке қайтарылады

Оған сәйкес, Болат Назарбаев "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ акцияларының 31,9%-ын мемлекетке қайтаруға міндеттелді, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап. 

"Болат Назарбаев пен "PLS-ТМ" ЖШС арасында жарғылық капиталдың 31,9%-ын құрайтын "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ атаулы акцияларын сату бөлігінде жасалған 2009 жылғы 2 сәуірдегі бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын", - делінген сот алқасының қаулысында.

Құжатта Болат Назарбаев енді "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ-ның жарғылық капиталдың 31,9% көлеміндегі жай атаулы акцияларын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру жолымен мемлекет меншігіне қайтаруға" міндетті екендігі көрсетілген.
 
Белгілі болғандай, 1998 жылы ақпан айында Мемлекеттік мүлік департаменті "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ жарғылық қорының 31,9% көлеміндегі мемлекеттік пакет акцияларын "Темір Кон" ЖШС-іне 105,3 млн теңгеге сатты. Сатып алу-сату шарты зауыт қызметін сақтау, өндіріс көлемін ұлғайту туралы талаптарды, комитеттің олардың орындалуын бақылау құқығын көздеді. 
 
2007 жылдың сәуірінде "Темір Кон" ЖШС "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ жарғылық капиталының 86,78% акциясын Болат Назарбаевқа сатты. Акциялардың 31,9%-ы мемлекеттік тиесілі еді. Екі жылдан соң Мемлекеттік мүлік комитеті, "Темір Кон" ЖШС және Болат Назарбаев 1998 жылы жасалған шарт бойынша міндеттемедегі тұлғаларды өзгерту туралы келісім жасасты. 

Құжатта Болат Назарбаев талаптарды орындамаған жайдайда, онда ол мемлекеттік акциялар пакетін комитетке қайтаруға міндетті екендігі көрсетілген. Бірақ бұл келісім жасалғаннан кейін Болат Назарбаев зауыттың 398 мың 246 жай акциясын, оның ішінде мемлекеттік пакетті "PLS-ТМ" ЖШС-ге сатып жіберді. Қаулыда Болат Назарбаевтың комитеттің келісімінсіз "PLS ТМ" ЖШС-інен даулы акцияларды иеліктен шығаруға құқығы жоқ екендігі көрсетіліп, бұл мәміле жарамсыз деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу