Болгарияда ел үкіметіне қарсы наразылық акциялары өтті

139

Шеруге шыққандар биліктен ашықтықты талап еткен.

Болгарияда ел үкіметіне қарсы наразылық акциялары өтті Фото: report.az

Болгария астанасы Софияда 20 мыңға жуық адам 2026 жылға арналған бюджет жобасына наразылығын білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Vesti.az-ға сілтеме жасап. 

Наразылық акциясы бюджет бойынша соңғы дауыс берілердің алдында өткені айтылған. Тұрғындар бұл бюджет жобасы салмақ түсіруі мүмкін деген пікірде. Себебі Болгария келесі жылдың басында еуроға өтуді жоспарлап отыр. 

Шеруге шыққандар биліктен ашықтықты, қоғамдық талқылауды және жобаны кері қайтаруды талап еткен. Олар биліктің түзетулерді жылдам енгізуі арқылы елдегі нақты экономикалық мәселелерді жасырып отыр деп айыптап отыр. Софияның орталығындағы қақтығыстар кезінде үш тәртіп сақшысы жарақат алып, арнайы жасақ пен демонстранттар арасында төбелестер болған.

Оппозиция 1 желтоқсан жаңа наразылық акциясы болатынын жариялады. Ол  "Бізге өтірік айтуға жол бермейміз!" ұранымен өткен. "Демократиялық Болгария" оппозициялық коалициясының өкілдері бюджет жобасы кері қайтарылмағанын, жария талқылаусыз әрі жан-жақты экономикалық талдаусыз қайта өңделгенін хабарлады.

Оппозицияның өкілдері мен GERB партиясының лидері Бойко Борисов арасындағы пікірталастан кейін ахуал ушыққан. Бұрынғы қаржы министрі Асен Василевтің сөзінше, бюджетке енгізілетін кез келген өзгеріс 2028 жылға дейінгі макроэкономикалық жағдайды толық қайта қарауға тиіс. Бұл ретте оппозиция "Жаңа бастама", TISP және BSP секілді саяси күштер үкіметтің бастамаларын қолдап отырғанын жеткізді.

Ресми болжамдарға сәйкес, Болгарияның мемлекеттік қарызы 2026 жылы тапшылықты және басқа міндеттемелерді жабу үшін 10,5 млрд еуроға дейін өсуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу