Болгариядағы Challenge Cup кезеңінің финалына 3 гимнаст жолдама алды

568

Бүгін, 8 мамырда, жарыстың екінші іріктеу күні өтеді.  

Болгариядағы Challenge Cup кезеңінің финалына 3 гимнаст жолдама алды Фото: olympic.kz

Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іріктеу сынының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Идрисов екінші нәтижемен шешуші кезеңге өтті. Осы бағдарламада Роман Хегай іріктеуде жетінші орын алып, финалға шықты.

Нуртан Идрисов сақинадағы жаттығуда жүлдеге таласады. Қазақстандық гимнаст іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу