"Болмысымызға мүлдем жат": Ерлан Қарин тойда ерсі уағыз айтқандарға қатысты пікір білдірді

209

Қазақстан – зайырлы мемлекет.

"Болмысымызға мүлдем жат": Ерлан Қарин тойда ерсі уағыз айтқандарға қатысты пікір білдірді Фото: Ақорда

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин тойда тілекке шығып, ерсі уағыз айтып кеткен ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат. Ұлттық таным-түсінікке сәйкес келмейді. Өйткені, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады", – деді ол.

Ерлан Қарин атағандай, өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою да асыра сілтеушілік.

"Мемлекетіміз таңдаған жол бұл емес. Керісінше, еліміз білім мен ғылымға, өнер мен мәдениетке басымдық беріп келеді. Көпшілік алдында адамдарды бұлайша алалау, өз пікірін қасақана тықпалау әдептілікке жатпайды. Біз өзара құрмет пен мәдениетті биік қоямыз. Еліміздің жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға ерекше мән беріп отырғаны да сондықтан. Сол себепті, ұлттық болмыс пен елдік ұстанымдарға қайшы келетін мұндай әрекеттерге қоғам болып тосқауыл қоюымыз қажет", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу