Өткен маусымда Өскемен хоккей клубын тұрақты чемпионаттың Петров Кубогінің ойындарына және 2017 жылы Жоғарғы хоккей лигасының финалына дейін жеткізген бапкер Алексей Ждахиннің мамыр айында клубтан кеткені белгілі болды. Бұл "Торпедо" клубы үшін күтпеген жаңалық еді. Алғашқыда қос тарап бірлесе жұмыс атқаруды одан әрі жалғастырамыз деп жоспарлаған. Алайда, Олег Болякиннің торпедолықтардың басты қарсыласы "Сарыарқа" хоккей клубына бапкерлікке тағайындалуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін "Торпедо" мен "Сарыарқа" КСРО кезінен бір-біріне бәсекелес.
"Алтайдың" тізгінін ұстаған Болякин биыл өскемендік фарм-клубты алғаш рет Жастар Хоккей лигасының плей-офф кезеңіне дейін шығарды. Нәтижесінде фарм-клуб Шығыс конференциясында сегіз команда қатарына да іліге алмады. Дегенмен, Болякин өскемендік "Торпедоға" бас бапкерлікке тағайындалды.
Хоккейші ретінде спорттық мансабын 36 жасында аяқтаған Олег Болякиннің бапкерлік мансабы 2001-жылы "Қазақмыс-2" командасынан басталған. Содан бес маусым бойы "Қазақмысты" жаттықтырды. 2007-2008 жылғы маусымда ол павлодарлық "Ертістің" тізгінін ұстады. 2008 жылы "Сарыарқаның" бас бапкері атанып, оның жетекшілігімен 2009/2010 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында қарағандылық клуб алтын медальға ие болды. Кейіннен Өскеменнің "Казцинк-Торпедо" және үш жыл "Алматы" хоккей клубында бапкерлік қызметте болды. 2015-2018 жылдар аралығында Атыраудың "Бейбарысын" жаттықтырды.
Қазақстандық маман Жоғарғы Хоккей лигасында алғашқы тәжірибесін 2018/2019 ресейлік "Ермак" командасында жинақтады. Алайда оның жетекшілігімен клуб сәтсіз өнер көрсетіп, маусым қорытындысы бойынша 29 команда арасынан тек 28-орыннан табылды. Ал, өткен маусымда елімізге қайта оралып, "Алтайды" жаттықтырды.
Бұл қызметтермен қатар Болякин 2004 жылы хоккейден Қазақстан жастар құрамасында бапкер, 2005 жылы аға бапкер, 2006-2009 жылдары бас бапкер болды. Мұның барлығы қазақстандық маманның жаттықтырушы ретінде жеткен ең үлкен жетістігі. Атқарған қызметтерінің нәтижесінде Болякин 2007 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болды.
Енді білікті маман "Торпедо" хоккей клубын тізгінін ұстап, жақсы нәтиже көрсетеді деген ойдамыз.
Ермұхамед Мәулен