Борат рөлін сомдаған актер қазақстандықтардан кешірім сұрады

897

Британиялық комик Саша Барон Коэн өзі сомдаған Борат образы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Борат рөлін сомдаған актер қазақстандықтардан кешірім сұрады Фото: Jordan Strauss/AP

55 жастағы актер Happy Sad Confused подкастының эфирінде бұл сатиралық бейненің шынайы Қазақстанмен байланысы жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Актер сұхбат барысында Борат туралы алғашқы фильм жарық көргеннен кейін Қазақстан елшілігі ресми түрде шағым түсіргенін еске алды.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып қазақстандықтардан кешірім сұрағым келеді. Мен сіздердің акценттеріңізбен сөйлей алмаймын. Негізі оның қандай екенінен де хабарым жоқ.

Қазақстандықтар, өтінемін маған ренжімеңіздерші. Мен сіздерге зор құрметпен қараймын", – деді Коэн.

Саша Барон Коэннің сөзінше, қазақстандықтардың сырт келбеті де оның кейіпкеріне мүлдем ұқсамайды. Комик жобаның түпкі ойын түсіндіре келе, жобаның мақсаты Қазақстанға қарсы бағытталмағанын баса айтты.

Айта кету керек, бұл фильм 2006 жылы жарыққа шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу