Борис Джонсон жаңа үкімет жасақтамақ

2133

Тори партиясының көшбасшысы сәрсенбі күні Букингем сарайындағы патшайымның қабылдауынан кейін премьер-министр қызметіне кіріседі.

Борис Джонсон жаңа үкімет жасақтамақ

Борис Джонсон Тереза Мэйдің орнына келген соң жаңа үкімет құрмақ. BBC агенттігінің дерегінше, ол жақын күндері Қаржы және Ішкі істер министрлерін тағайындайды. Сондай-ақ ол үкімет құрамындағы әйелдер мен өзге ұлт өкілдерінің санын көтермек.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Борис Джонсон консерваторлар партиясың басшысы болып сайланған болатын. Бұрынғы Сыртқы істер министрдің кандидатурасын партияның 90 мың мүшесі қолдап дауыс берген. Ал елдің қазіргі сыртқы істер министрі Джереми Хантты 40 мың адам қолдаған.

Саяси додада жеңіске жеткен Джонсон келісімсіз Brexit өткізіп, елді біріктіруге бар күшін жұмсайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Борис Джонсон Букингем сарайындағы патшайымның қабылдауынан кейін жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00 халық алдында сөз сөйлейді.

Табиғат Нұрболат        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу