"Боруссия Дортмунд" 11 жылдан кейін финалға жолдама алды

462

Германиялық команда жартылай финалда Францияның "Пари Сен-Жермен" клубымен кездесті. 

"Боруссия Дортмунд" 11 жылдан кейін финалға жолдама алды Фото: sport24.ru

Германияның "Боруссия Дортмунд" командасы футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ойын барысында 50-минутта "Боруссия Дортмунд" сапынан Матс Хуммельс соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті.

Осылайша олар қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Алғашқы кездесуде германиялық клуб 1:0 есебімен басым түскен еді.

"Боруссия Дортмунд" командасы 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарған еді. Енді 11 жылдан кейін финалға шығып отыр.

Сондай-ақ, 8 мамырда "Бавария" мен "Реал Мадрид" кездеседі. Олар алғашқы кездесуде 3:3 есебімен тең ойнады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу