АҚШ президентінің америкалықтардың әрқайсысына 5 мың доллардан төлеу туралы уәдесі өз партиясының өкілдері тарапынан да сынға ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кентукки штатынан Өкілдер палатасына сайланған республикашыл Томас Месси биыл Трамптың сынынан кейін праймеризде жеңіліп қалған болатын. Ол әлеуметтік желідегі X парақшасында президенттің ұсынысына қатысты ойын ашық айтты.
– Қарашадағы сайлаудағы дауысымды 5 мың долларға сатып алмақ болған идея мені, шынымды айтсам, қорлайды. Оның үстіне бұл инфляцияға алып келеді. Барлық жағдайды ескерсек, есім дұрыс кезінде 10 мың доллардан азын алмаймын, – деп жазды ол.
Ал демократтар Трамптың сөзін "бос уәде" деп атады.
Заңгерлердің пікірінше, АҚШ президентінің мұндай ауқымды төлемдерді Конгрестің келісімінсіз тек өзінің жарлығымен бекітуі екіталай. Десе де, Трамп бейсенбі күні бұл мәселе бойынша Конгрестен рұқсат сұрамайтынын аңғартты.
Бұған дейін Трамптың әр тұрғынға 5 мың доллардан беруге уәде еткенін жазған едік.