Boxam Elite-2026: Қазақстандық боксшы жекпе-жексіз жартылай финалға шықты

131

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан турнирде 32 боксшымыз сынға түсуде. 

Boxam Elite-2026: Қазақстандық боксшы жекпе-жексіз жартылай финалға шықты

Қазақстанның ерлер құрамасының боксшысы Нұрбек Мұрсал Испанияда өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінің жартылай финалына жолдама алды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол Украина атынан өнер көрсететін Бозорбой Матякубовпен жұдырықтасуы тиіс еді.

Алайда қарсыласы рингке шықпай, нәтижесінде қазақстандық спортшыға техникалық жеңіс берілді. Осылайша Нұрбек Мұрсал жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлде алатын болды. 

Сондай-ақ Нұрбек Оралбай аталмыш жарыстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда ол 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данило Жасанмен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Оралбайға берді. Бұл нәтиже оған жартылай финалға шығуға және кем дегенде қола медаль алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері медаль үшін күресті одан әрі жалғастырады. Бүгін ерлер арасында 9, әйелдер арасында 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер 19:30-да басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу