Боз кілем мен татамиде белдесетін тарландар

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2687

ХVІІІ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын және ел қоржынына жүлде салуы тиіс қырандарымыздың тізімі белгілі болды.  

Боз кілем мен татамиде белдесетін тарландар Фото: fdk.kz

Биылға жазғы Азия ойындары 18 тамыздан 2 қыркүйекке дейін Джакартада өтеді. 42 спорт түрінен 476 медаль сарапқа салынады. Бұған дейін осы дүбірлі додада намысымызды жыртатын еркін күрес шеберлері мен боксшыларымыздың тізімдерін ұсынғанбыз. Іле-шала грек-рим және әйелдер күресінен, сондай-ақ дзюдодан ұлттық құрама сапына іліккен балуандар тізімі жарияланды.

Грек-рим күресінен Қазақ елі құрамасының бас бапкері Нұрым Дүйсенов Джакартада тәжірибелі жігіттерімізге сенім артуды жөн санапты. Олимпиада бағдарламасындағы алты салмақ дәрежесінде белдесетін балуандарымыздың арасында әлем чемпионатының жүлдегерлері мен Азия чемпиондары бар. Бәрі де халықаралық аренада ысылған саңлақтар.

Грек-рим күресі шеберлеріне де барлық жағдай жасалып, Нұрым Дүйсенов баптайтын балуандарымыз соңғы-оқу жаттығу жиындарын Тараз қаласында өткізді. Дайындықтарын пысықтады. Сонымен Индонезия астанасында өтетін жазғы Азия ойындарында мына жігіттердің тілеуін тілейміз:

60 келі – Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе обл.)

67 келі – Алмат Кебісбаев (Астана)

77 келі – Асқат Ділмұхамедов (Алматы обл.)

87 келі – Азамат Құстыбаев (Астана)

97 келі – Ерұлан Ысқақов (Қарағанды обл.)

130 келі – Нұрмахан Тыналиев (Алматы обл.)

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов та тәжірибелі аруларымызға сенім артыпты. Қыздар да Джакарта төрінде Олимпиада бағдарламасына енген алты салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Енді жазғы Азия ойындарына қатысатын балуан қыздарымыздың тізімімен таныс болыңыздар:

50 келі – Валентина Исламова,

53 келі – Жұлдыз Ешімова,

57 келі – Эмма Тисина,

62 келі – Аяулым Қасымова,

68 келі – Жәмилә Бақбергенова,

76 келі – Эльмира Сыздықова.

Дзюдошыларымыз да алдағы жауапты сынға жан-жақты дайындалды. Бірнеше халықаралық турнирлерге қатысып, тәжірибелерін толыстыра түсті. Қазір Ақмола облысындағы "Жақсы" спорт кешенінде, Азия ойындары қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңін өткізіп жатыр. Джакарта татамиінде төмендегі қыз-жігіттеріміз белдесетін болыпты:

Ерлер

60 келі – Елдос Сметов,

66 келі – Елдос Жұмақанов,

73 келі – Жансай Смағұлов

81 келі – Дидар Хамза,

90 келі – Ислам Бозбаев,

100 келі – Виктор Демьяненко,

+ 100 келі – Санжар Жабборов,

mix – Ерасыл Қажыбаев;

Әйелдер

48 келі – Отгонцэцэг Галбадрах,

52 келі – Кәмшат Қарасайқызы,

57 келі – Севара Нишанбаева,

63 келі – Иоланта Бердібекова,

70 келі – Зере Бектасқызы,

78 келі – Зарина Райфова,

+ 78 келі – Гүлжан Исанова.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу