Ақтаудағы ұшақ апатына не себеп болғаны жыл соңына дейін анықталады

1157

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп жазады

Ақтаудағы ұшақ апатына не себеп болғаны жыл соңына дейін анықталады Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты қорытынды бірнеше ай көлемінде дайын болады.

– Көлік министрлігі қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, халықаралық сарапшылармен бірлескен жұмыс аясында біздің мамандар жаңа дағдыны меңгерді. Түрлі елден келген халықаралық сарапшылар да жұмысқа қатысып жатыр. Ұшақ қалдығының бір бөлігі әлі де шетелде сараптамадан өтіп жатыр, жақында елге қайтарылады. Қазір талдау кезеңі аяқталып қалды, қазір қорытынды есеп дайындау сатысында, деді Қанат Бозымбаев.

Үкімет басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, қорытынды есеп бірнеше айда дайын болады.

– Қазіргі жалғыз мәселе, ұшақтың қалай зақымданғаны. Бұл мәселені саясиландырғым келмейді, сұраққа құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан сараптама қорытындысы жауап беруі тиіс. Менің білуімше, олар өзге елдерге сұрау жолдаған, ол елдерде фюзеляждан табылған зақымдаушы элементтері бар. Сондықтан, шындық жыл соңына дейін белгілі болады деп ойлаймыз. Барлық талап үтір-нүктесіне дейін толық орындалады, – деп толықтырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу