Бозжыраға қонақүй өте қажет – Серікбай Трұмов

1724

Экологиялық аймақтағы қонақүйге жол тарту әкімдікке жүктелмек. 

Бозжыраға қонақүй өте қажет – Серікбай Трұмов

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Бозжыра шатқалы ндағы дауға байланысты өз ұстанымын айтты. 

"Бозжыра шатқалында қонақүй салу мәселесі – біздің кәсіпкерлердің ұсынған жобасы. Осы жобаны біз қазір қоғамдық кеңесте қоғам белсенділерімен талқылап жатырмыз. Жалпы ол жердегі турзимді ұйымдастыру үшін қонақүй өте қажет. Себебі ол жерге жергілікті бюджеттен қаражат бөле отырып, жол тартамыз, автотұрақтар салынады. Ол жерде келіп, кететін адамдарды реттеп, әртүрлі экологиялық жағдайды бақылауда ұстап отыру үшін  барлық жоспарымызды жасақтап отырмыз. Сондықтан да Бозжыра маңындағы табиғи аймақты  тамалашау үшін келетін адамдарға жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты біз алда қоғамдық кеңесте қоғам белсенділерімен талқылап, іске асырамыз",  – деген әкім дәл қазір қонақйүдің аумағы мен құрылыс типі қандай болатыны белгісіз екенін айтты. Сөзіне сенсек, қонақүй кешені шатқалдан алшақ жерде орын теппек. 

"Инвесторлардың талқылауда көрсеткен жобалары, былай айтқанда, эскиздік жобалар. Бассейн және тағы да басқа қонақүйдің сыртқы көріністері ұсынылды. Қазір бұған арнайы жоба жасақталуда. Ол жерде осы жоба жасақталып болғаннан кейін, қандай құрылыстардың салынатыны толық белгілі болады. Оның бәрін қоғамдық тыңдауда, біздің қоғам белсенділерінің, экологтардың ұсыныстарымен өзіміздің талаптарымызды қоямыз. Бұл қонқаүй салынатын болса, біздің Бозжыраның дәл қасында болмайды. Яғни, Бозжырадан 1,5-2 шақырымдай қашықтықта болуы мүмкін. Сол жерден ғана қонақүй кешені салынады. Бірақ ол үлкен  қатарлы қонақүй болмайды. Біздің қазақи нақыштағы ұсыныстарымыз бар. Осыған сәйкес жоба жасақталғаннан кейін біз оны қоғамдық  тыңдауға тағы да шығарамыз. Яғни экологиялық жағдайға байланысты, жобаның көрінісіне байланысты, сол жерде салынатын құрылысқа байланысты өзіміздің талаптарымыз қойылады",  – деді Серікбай Трұмов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу